Амнистиямен шығады: Сот Бақытжан Байжановтың өтінішін қанағаттандырды

/
Амнистиямен шығады: Сот Бақытжан Байжановтың өтінішін қанағаттандырды
Ғаламтор

Степногорск қалалық сотында Бақытжан Байжановтың амнистияға байланысты жазаны қысқарту туралы өтініші қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылдың 18 шілдесінде аяқталуы тиіс еді. Енді мерзім үштен біріне қысқарады: сегіз ай сегіз күнге, яғни Бақытжан Байжанов 2026 жылдың қарашасында бостандыққа шығады.

Шешім қабылдауда түзету мекемесінің берген мінездемесі және оның талаптарды өтеуі рөл атқарды. Жазасын өтеу барысында оған оң мінездеме берілген. Сот үкімі бойынша талаптар толық көлемде өтелген.

Прокурор да бұл пікірді қолдап, өтінішті қанағаттандыруды сұрады.

Еске сала кетейік, Бақытжан Байжанов – бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың інісі. Екеуі де Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған. Байжанов аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Өзін кінәсіз деп санап, апелляция бергенімен, үкім өзгеріссіз қалған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары