Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембай алқабилер сотынан бас тартты

/
Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембай алқабилер сотынан бас тартты
Ғаламтор

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасады деп айыпталған Ернар Жиембай істің алқабилердің қатысуымен қаралуынан бас тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жиембай бұл туралы алдын ала тыңдау барысында мәлімдеді. Сотталушы өзін суретке түсіруге және бейнетүсірілім жасауға тыйым салды. Б

Бұл іске қатысты негізгі сот талқылауы 6 тамызда басталады.

Айта кетейік, 21 сәуірде Руслан Берденовке Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында оқ атылды. Күдікті – «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиембай (мегаполистің құрылыс басқармасына қарасты мекеме). Шабуылдан кейін ол қызметінен босатылған.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары