Жамбыл облысында зейнеткер кәмелетке толмаған баланы бетінен ұрған

/
Жамбыл облысында зейнеткер кәмелетке толмаған баланы бетінен ұрған
istockphoto.com

Жамбыл облысы Құлан ауылында кәмелетке толмаған баланы ұрған тұрғын 393 200 теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Т. Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 2025 жылдың сәуірінде болған.

Сот мәліметінше, ер адам жасөспірімнің бетін бірнеше рет жұдырықпен және шапалақпен ұрған. Өз әрекетін сотталушы "тәрбиелік мақсатпен жасадым" деп түсіндіріп, кінәсін ішінара мойындаған.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігі 8) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салды. Айыппұл толық төленген.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары