Польшада балмұздақ дүкенінің астынан XIII ғасырлық рыцарьдың сүйегі табылды

/
Польшада балмұздақ дүкенінің астынан XIII ғасырлық рыцарьдың сүйегі табылды
сурет: euronews.com / Copyright ASSOCIATED PRESS / Facebook Pomorskiego Wojewódzkiego Konserwatora Zabytków

Польшадағы Гданьск қаласында ерекше археологиялық жаңалық ашылды. Қаланың дәл ортасында орналасқан әйгілі «Teddy» балмұздақ дүкенінің астынан XIII ғасырда өмір сүрген ортағасырлық рыцарьдың қаңқасы табылды. Қоғам оны қазірдің өзінде «Гданьск Ланселоты» деп атап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

АрхеоScan ұйымының археологтары осы айдың басында, Сукеннича мен Гродзка көшелерінің қиылысындағы қазба жұмыстары кезінде рыцарь бейнеленген ескерткіш тасты тауып алған. Бар-жоғы екі күннен кейін, дәл сол маңда 30 см тереңдікте мүлде бүлінбеген адам қаңқасы аршылып алынған.

Бұл аймақ 1962 жылға дейін танымал паб болған. Кейін паб басқа жерге көшіріліп, бұл орын Гданьск тұрғындары үшін культтік нысанға айналған.

2023 жылдан бері бұл жерде кең ауқымды археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары