Жүректің жаралануы өлімге әкеле ме – ғылым не дейді?

/
Жүректің жаралануы өлімге әкеле ме – ғылым не дейді?
сурет: istockphoto.com

Қайғы – табиғи эмоция. Бірақ кей адамдарда ол жүрек-қан тамыр аурулары, депрессия туындатуы мүмкін. Сондай-ақ, ғылымда «жаралы жүрек синдромы» (такоцубо кардиомиопатиясы) деп аталатын құбылыс бар. Ол – ауыр эмоциялық күйзелістен кейін жүректің уақытша әлсіреуі немесе үлкеюі. Бұл жүрек талмасына ұқсас болып көрінуі мүмкін және жүрек жеткіліксіздігіне әкеледі, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеулерге сәйкес, әйелдер бұл синдромға жиі шалдығады, алайда еркектердің бұл дерттен қайтыс болу ықтималдығы жоғары.

Қайғысы ауыр топтағы адамдар жақынын жоғалтқаннан кейін үш жылдан соң да психотерапияға жүгініп, антидепрессант қабылдауды жалғастырған. Жеті жылдан кейін бұл айырмашылық азайғанмен, алғашқы жылдардағы ауыр стресс денсаулыққа елеулі әсер етуі мүмкін.

Зерттеуші Мэтте Кьергорд Нильсеннің айтуынша, бұл топтағы адамдардың көпшілігінде бұрыннан психикалық әлсіздік белгілері және білім деңгейі төменірек болған. Бұл да қайғыға деген төзімділікті азайтады.

Зерттеу басталғанда қатысушылардың орта жасы – 62-де болған. Демек, кейбір өлім жағдайларын жастың ұлғаюымен де түсіндіруге болады. Дегенмен, ғалымдар қайғының өзі де денсаулыққа тікелей қауіп төндіретін фактор екенін баса айтады.

Аархус университетінің зерттеушісі Нильсеннің айтуынша, бұл деректер дәрігерлерге қайғыдан зардап шегіп жүрген науқастарға ерекше көңіл бөлу керектігін көрсетеді. Егер адамда ұзаққа созылған, ауыр қайғы белгілері байқалса, жеке психологиялық көмек немесе арнайы ем алу қажет болуы мүмкін.

«Мұндай пациенттерге жалпы тәжірибелік дәрігерлер тарапынан ерекше бақылау қажет, не болмаса психологқа немесе арнайы емделуге жолдануға тиіс», – дейді Нильсен.

Бұл зерттеудің көлемі шағын болғанымен, эмоционалды күйзелістің адамның өмір жасына әсер ететінін дәлелдейтін ғылыми жұмыстар саны артып келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары