Күніне 10 минут жалғыз қалудың пайдасы қандай?

/
Күніне 10 минут жалғыз қалудың пайдасы қандай?
сурет: istockphoto.com

Жалғыздық – интеллектуалдардың басты серігі. Бұл тұжырымды нейробиологтар жасаған. Мамандардың айтуынша, адамның ештеңе істемей тыныш отыратын сәттері – мидың шынайы жұмысқа кірісетін кезі. Дәл сол уақытта ең мықты идеялар пайда болып, жаңа білім мен дағдылар оңай сіңеді, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі cnbc.com-ға сілтеме жасап.

Зерттеулер көрсеткендей, үнемі адамдардың арасында жүру, керісінше, миға ауырлық түсіреді. Мұндай ортада кортизол гормоны артып, зияткерлік белсенділік төмендейді.

Нейробиологтар күніне ең кемі 10 минут жалғыз қалуға кеңес береді. Бұл – миды «қайта іске қосудың» тиімді тәсілі. Бұл теорияны Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс те қолдайды: ол жыл сайын жалғыз өзі орманға барып, тыныштықта ой жинақтайды.

Қорытынды: жалғыздық әлсіздік емес, шығармашылық пен зияткерлік қуатты арттыратын күш. Күнделікті қарбаласта сәл де болса өзіңізге кеңістік беруді ұмытпаңыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары