Үндістанда ер адам 9 жыл бойы ойдан шығарылған елдердің «елшісі» болып өмір сүрген

/
Үндістанда ер адам 9 жыл бойы ойдан шығарылған елдердің «елшісі» болып өмір сүрген
сурет: The Guardian

47 жастағы Харшвардхан Джейн Делидің маңынан үй жалдап, оған түрлі елдердің жалауын іліп, «елшілік» ашып алған. Ол өзін «Себоргия» мен «Вестарктика» деген жалған мемлекеттердің елшісі ретінде таныстырған. Екеуі де шын мәнінде танылмаған, тіпті толықтай ойдан құралған құрылымдар, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Джейн төрт көлікке дипломатиялық нөмір тағып, сыртқы істер министрлігінің мөрлерін қолдан жасап, тіпті әлемдік көшбасшылармен бірге түскендей етіп өңделген фотоларды жариялап жүрген.

Негізгі табыс көзі шетелге кеткісі келетіндерге жалған визалар мен жұмыс рұқсаттарын сату болған. Полиция оның шетелдегі shell-компаниялар арқылы ақшаны заңдастырғанын да анықтап отыр.

Тінту кезінде 4,5 миллион үнді рупиясы (шамамен 38 мың фунт стерлинг), шетел валютасы мен жалған құжаттар тәркіленді.

Қазір Джейн қамауға алынды. Оған алаяқтық, жалған құжат жасау, бөтен тұлға болып көріну және ақшаны жылыстату баптары бойынша айып тағылып отыр. Ал оның «елшілігі» жабылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары