Көкшетау қалалық сотында кәмелеттік жасқа толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, жеңгетайлық жасағаны үшін 21 жастағы қала тұрғыны С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады turkystan.kz.
Соттың ақпартынша, 2024 жылдың қыркүйегінде С. кәмелетке толмаған Ю.-ның (17 жаста) интимдік қызмет көрсету туралы сауалнамасын сайтқа орналастырып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
«С. өз көлігімен оны клиенттерге жеткізіп отырған.
Сонымен қатар, С. 17 жасар Ч.-нің банктік картасын пайдалану мақсатында, оның шотына көрсетілген қызметтер үшін ақшалай қаражаттарды аударып отырған.
С.-нің кінәсі жәбірленуші Ю.-нің айғақтарымен, қонақүйлерге келушілердің жазбаларынан алынған мәліметтермен, сотталушының танылуымен куәгерлердің айғақтарымен, С.-нің телефонынан алынған кәмелетке толмағанның фотосуреттерімен, ақшалай қаражатты толықтыру және алу туралы банктік шоттың үзінділерімен, қонақ үйлердің бейнебақылау камераларының жазбаларымен расталды.
Сот үкімімен С.-ға 4 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасау құралы ретінде автомашина тәркіленді», – делінген хабарламада.