Алматылық бойжеткен көпқабатты үйден секіріп қайтыс болды

/
Алматылық бойжеткен көпқабатты үйден секіріп қайтыс болды
istockphoto.com

Алматы қаласындағы Бостандық ауданында қайғылы жағдай болды. Көпқабатты тұрғын үйдің жанынан бойжеткеннің мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Марқұм оқиға орнында ауыр жарақаттарынан жан тапсырған.

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Адам өліміне қатысты әзірге өзге ақпарат айтылған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары