Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің түлегі Гүлзада Сайлаубекқызы Малайзиядағы Xiamen University Malaysia оқу орнынан білім грантын жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Гүлзада аталған жоғары оқу орнында Коммуникация саласындағы гуманитарлық ғылымдар (Bachelor of Arts in Communication) білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырмақ.
Айта кетейік, Xiamen University Malaysia – әлемнің үздік 300 университетінің қатарына кіретін, халықаралық беделі зор жоғары оқу орны. Негізгі кампусы Қытайда орналасқан бұл университет Қытайдағы ең үздік 20 жоғары оқу орнының қатарында.