Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем чемпионатында финалға шықты

/
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем чемпионатында финалға шықты
olympic.kz

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыстың финалына жолдама алды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Ұлттық құрама топтық акробатикалық бағдарламаның іріктеу кезеңінде 190.1238 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы сапында: Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецева, Жания Жиенғазы өнер көрсетуде.

Айта кетейік, финалдық сайыс 25 шілдеде өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары