Ақберен Елгезек таксист кезіндегі ең қызықты оқиғасын айтты (ВИДЕО)

/
Ақберен Елгезек таксист кезіндегі ең қызықты оқиғасын айтты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде танымал ақын Ақберен Елгезек естен кетпес қызық оқиғасын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ақын ыңғайсыз жағдайға қалай тап болғанын баяндады.

“Такси болып жүрген кездері университеттің алдынан үш қыз мінді. Олар отырды да “Абай-Правда” жаққа апарып тастаңызшы деді. Мен айттым: “500 теңге” деп. Ал қыздар "Жоқ, 300 теңгеге апарып тастаңызшы" деп өтінді. "Жоқ. 500" деп мен де қоймадым. Саудаласып тұрмыз. “300 теңгеге апарып тастауға болады ғой, біз студентпіз” дейді қыздар. Ол кезде санамыздың жетілмегені шығар. Қазір болса апарып тастаушы едім. Сосын айттым: “Студент болсаңдар автобуспен жүріңдер, неге такси тоқтатасыңдар?” деп. Сөйтсем: “Жарайды, болды, келістік” деп үшеуі жайғасты. Бір кезде шамалы жүргеннен кейін: “Иә, Ақберен аға, не жазып жүрсіз?” деп қояды ғо маған. Сол сәтте ұялғаным-ай. Сынап болсам сол машинаның бір тесігінен ағып кетер едім. Кәдімгідей жерге кіргендей болдым. “Мен Ақберен емеспін, қай Ақберенді айтып отырсыз” деп мойындамадым. Кептеліске тап болып өлеңдерімді оқи бастады. Абай мен Правда қиылысына жеткенше бір 10 келі салмақ тастаған шығармын”, - деді күліп Ақберен Елгезек кезекті подкастының бірінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары