Әнші Меруерт Түсіпбаеваның ән айтып жатқанда ыңғайсыз жағдайға қалған сәтінен видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.
Онда өнер иесінің сахнада фонограммасы өшіп қалғанын көруге болады. Алайда ол әрі қарай жалғастырып әкетпей, бір орында абдырап қалған.
Желі қолданушылары Меруерттің бұл әрекетін сынап тастады.
«Керемет әнші болса жалғастыра бермей ме?», «Баянды сынағанда бәледей еді», «Жұртты келеке ете беретін еді», «Өзінің маскасы шешілді», - деп жазды оқырмандар.