Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Бадам өзенінде болған қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Бейнежазба авторының айтуынша, ер адам шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, қоршалған бөгеттен секірген кезде батып кеткен.
«Адам бөгеттен секіріп, суға батып кетті. Оқиғадан бері жиырма минуттан астам уақыт өтті. Іздеу жұмыстары жалғасуда», – деді видео авторы.
Оқиға орнына құтқару жасағы бар екі көлік келді. Біраз уақыттан кейін ер адамның денесі табылды.