Ақтөбеде 13 жастағы қыз жүк көлігінің астында қалды

/
Ақтөбеде 13 жастағы қыз жүк көлігінің астында қалды
Ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында жасөспірімнің қатысуымен болған жол апаты жұртшылықтың назарын аударды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Мұғалжар ауданына қарасты Қандыағаш қаласында орын алған. Велосипедпен жүрген 13 жастағы балаға жүк көлігі соқты.

Облыстық полиция департаменті берген мәліметке сәйкес, жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Алғашқы деректерге қарағанда, КамАЗ жүргізушісі көлікті артқа қарай жүргізіп келе жатқанда, велосипед мінген жасөспірімді байқамай соққан. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда", – делінген полиция таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары