Иранда қарулы шабуыл салдарынан екі полицей қаза тапты

/
Иранда қарулы шабуыл салдарынан екі полицей қаза тапты
Сурет: oxu.uz

Курдистан провинциясындағы Банех қаласында орналасқан Сейранбенд шекара бекетіне қарулы оппозициялық топ шабуыл жасады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Бұл туралы “Еркін Иран” Telegram-арнасына ақпарат таратты.

Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды, тағы бір полицей жараланды.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль шабуылы кезінде Иран президенті зардап шеккені туралы жазған едік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары