«Атасынан аумайды»: Абай Бегей немересінің тұсаукесер тойын жасады (ВИДЕО)

/
«Атасынан аумайды»: Абай Бегей немересінің тұсаукесер тойын жасады (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz

"Аспанға қараймын" хит әннің орындаушысы Абай Бегей алғашқы немересінің тұсаукесер тойын дүркіретіп өткізді, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Ата статусын иеленген әнші немере қызы Хадияға ән тарту етті.

"Хадишаның туылған күнінде атасы өзінің «Немерем» атты әнін орындады.Бұл — жай ән емес, жүректен шыққан махаббаттың үні. Мына сәт — біз үшін тарих", - деді Абай Бегейдің келіні Бадинұр.

Айта кетейік, дүбірлі тойға өнер жұлдыздары да қатысты.

Желі қолданушылары болса әншінің немересі өзіне қатты ұқсайтын жарыса жазды.

"Атасынан аумайды екен", "Нағыз копиясы екен", "Керемет той, бақытты болыңыздар", - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары