Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

/
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
 
Президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді. 

Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары