Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасының Халық әртісі атанды

/
Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасының Халық әртісі атанды
Dimash.news

22 шілдеде Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында IV халықаралық «Мейкин Азия» музыка фестивалінің финалы өтті. Оған танымал әнші Димаш Құдайберген арнайы қатысты, деп хабарлады turkystan.kz.

Фестивальдің жабылу рәсімінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Жарлығына сәйкес, Қазақстанның Халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының Халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Награданы Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары