Бибісара Асаубаева ресми түрде гроссмейстер атағын алды

/
Бибісара Асаубаева ресми түрде гроссмейстер атағын алды
gov.kz

Грузияның Батуми қаласында Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) кеңесінің отырысы өтті.

Жиында жаңа 10 гроссмейстердің атағы бекітілді. Аталған тізімге 21 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева да енді. Ол еліміздің атынан гроссмейстер атағын алған екінші шахматшы және әлем бойынша бұл атаққа қол жеткізген 43-ші әйел атанды.

Бұған дейін бұл мәртебеге Қазақстаннан Жансая Әбдімәлік ие болған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары