20 шілде күні Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесінің ауласында ер адам жанжал кезінде танысына соққы жасаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті жариялады.
Полиция ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Қазіргі таңда ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
"Павлодар облысының Полиция департаменті азаматтарды бей-жай қарамауға шақырады! Егер сіз немесе сіздің жақын адамыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса — үндемей қалмаңыз. Полициядан көмек алу үшін «102» арнаға немесе "Police 102" мобильді қосымшасына хабарласыңыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. Есіңізде болсын, кейде бір ғана қоңырау өмірді сақтап қалуы мүмкін", - дейді ПД.