UScellular байланыс операторы жаңа, таңғаларлық құрылғыны таныстырды. Pinky Promise Ring деп аталатын жүзік телефонға ұзақ қарап отырған кезде саусаққа шаншып ауыра бастайды, деп хабарлайды turkystan.kz newsroom.uscellular.com-ға сілтеме жасап.
Бұл жай концепт емес, нақты өнім. Оны UScellular ресми сайтынан тегін алуға тапсырыс беруге болады. Жоба авторларының айтуынша, бұл “смартфон шылбыры” (smartphone pinky) деп аталатын құбылысқа назар аударту үшін жасалған. Ұялы телефонды көп ұстай беруден шынашақтың буыны майысып, терең ойық пайда болуы мүмкін, ал жүзік соның алдын алу үшін ойлап табылған.
«Бұл жазалау емес. Бұл – шынайы өмірге қайта оралу үшін жасалатын ескерту», – дейді әзірлеушілер.
Жүзіктің ішкі жағында орналасқан ұсақ тікенектер телефонды ұзақ ұстап отырған кезде саусаққа жайсыздық тудырады, бірақ ол теріні зақымдамайды. Мақсаты – адамды "doomscrolling" деп аталатын — яғни шексіз жаңалықтар лентасын парақтай беретін дағдыдан арылту.
Қазір жүзікке деген қызығушылық жоғары: мыңдаған адам тапсырыс беріп үлгерген.