Маңғыстауда 23-24 шілде аралығында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өтеді.
Аталған іс-шара Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбы бойынша өтеді.
Оқу-жаттығу барысында құлақтандыру жүйесі тексеріледі, азаматтық қорғау қызметтерінің жедел әрекет ету дайындығы пысықталады.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан аталған жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.