Атыраудағы табиғи қорықта құстар қырылып жатыр

/
Атыраудағы табиғи қорықта құстар қырылып жатыр
istockphoto.com

Құстардың өлексесі Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Шалыға аралынан табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары тексеріс жүргізді.

Негізінен қарабас шағалалар мен хохотун шағалалар қырылған.

Қазіргі уақытта құстардың қырылу себептерін анықтау үшін сараптама жүргізілуде. Улану немесе аса қауіпті ауруларды анықтау мақсатында үш үлгі Нұр-Сұлтан қаласына (Астана) зерттеуге жіберілген.

Құстардың өлуіне алдын ала себеп ретінде табиғи фактор қарастырылып отыр. Резерват мамандары құстардың жеткіліксіз қоректенуі, туа біткен аурулар немесе басқа құстардың шабуылы себеп болуы мүмкін екенін айтып отыр.

"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты Атырау облысындағы Жайық өзенінің сағасында орналасқан және 111 мың гектардан астам аумақты алып жатыр. Ол 2009 жылы сулы-батпақты алқаптар мен сирек әрі қорғалатын қоныс аударатын құстардың мекендеу ортасын қорғау мақсатында құрылған. 2012 жылы "Ақжайық" ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар тізіміне енгізілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары