Қолма-қол ақша айналымына 2016 жылдан бастап тыйым салынбақ

Қолма-қол ақша айналымына 2016 жылдан бастап тыйым салынбақ

Қолма-қол ақша айналымына 2016 жылдан бастап тыйым салынбақ
ашық дереккөзі
192

Елімізде POS-терминалдар орнатып сауда-саттықты тек төлем карталарымен жүргізу мәселесі үш жылдан бері көтеріліп келеді. Бүгінге дейін қолма-қол ақша айналымынан арыла алмай отырғандығымыз өз кезегінде «көлеңкелі экономикаға» қолайлы жағдай жасап отыр, - деп дабыл қағуда сарапшылар. Осы аптада Мәжілісте қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыру мәселесін қараған дөңгелек үстелге жиналғандар электронды төлемдерге жаппай көшудің тетіктерін іздеді.

Қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілерге қолма-қол ақшамен жұмыс істеуге тыйым салынған. Бірақ бұл норманы кейінге қалдыруға тура келді. Өйткені бизнес те, банктер де POS-терминалдарды жаппай орнатуға дайын емес. Заңды және жеке тұлғалар үшін де қолма-қол ақша айналымына 2012 жылы қабылданған заң тыйым салған. Алайда аталмыш норма 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді. POS-терминалдардың басты проблемасы - олардың комиссиясының жоғарылығында. Қаржы министрлігі қолма-қол ақшасыз есептің комиссиясын төмендетіп,  төлем карталарынан қолма-қол ақша шешіп алғаны үшін комиссия пайызын арттыруды ұсынады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов: «Карточкаме тұтынушы төлем жасаған кезде, одан ешқандай комиссия алынбайды. Осыдай жүйенің елімізде енгізілуін қамтамасыз етуге тиіспіз»,-дейді. Алдағы уақытта аталмыш жүйе іске қосылса, төлем карталарымен жұмыс жасауды қарапайым халық та меңгеретін болады.

Серіктес жаңалықтары