"Бұл – харам!": Америкалық әнші Макгрегордан қысым көргенін айтты

/
"Бұл – харам!": Америкалық әнші Макгрегордан қысым көргенін айтты
коллаж: m.sport-express.ru / Getty Images

Америкалық рэп орындаушы Азилия Бэнкс MMA жұлдызы Конор Макгрегорды онлайн мазалап, қысым көрсетті деп айыптады. 34 жастағы әншінің айтуынша, Макгрегор оған жалаңаш суреттерін жіберіп, бұл туралы ешкімге айтпауын талап еткен. Бұл туралы m.sport-express.ru жазды.

Әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында Бэнкс: «Макгрегор, сен менің кім екенімді білесің бе өзі? Бұл – харам!» деп мәлімдеді.

Ол ирландиялық спортшының ел президенті болуға ұмтылып жүргенін де еске салды.

Айта кетейік, 2024 жылғы қарашада Макгрегор 2018 жылғы 9 желтоқсанда болған зорлау ісі бойынша кінәлі деп танылып, жәбірленуші Никита Хэндке 250 мың еуро өтемақы төлеуге міндеттелген еді.

37 жастағы Конор Макгрегор MMA мансабында 22 жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. Бұған дейін ол UFC-дің жеңіл және жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеулерін иеленген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары