Студенттердің асы емес: Доширак, Роллтонды көбінесе білімі жоғары адамдар жейтіні анықталды

/
Студенттердің асы емес: Доширак, Роллтонды көбінесе білімі жоғары адамдар жейтіні анықталды
сурет: istockphoto.com

Ресейде тез дайындалатын лапшаларды, «Роллтон» мен BigBon өнімдерін негізінен жоғары білімді азаматтар жейді екен. Бұл туралы  «Маревен Фуд Сэнтрал» компаниясының зерттеу нәтижелерінде айтылған деп хабарлайды turkystan.kz gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Сауалнама қорытындысына сәйкес, тез дайындалатын лапшаларды тұтынушылардың 59%-ы жоғары білім алған, ал олардың негізгі бөлігі 30–44 жас аралығындағы азаматтар (34%). Жастар (18–29 жас) мен орта жастағылар (45–65 жас) тең дәрежеде – 33%-дан. Гендерлік тұрғыда да тепе-теңдік байқалады: ерлер – 49%, әйелдер – 51%.

Компания өкілдері студенттерге тән тағам деген стереотиптің ескіргенін атап өтті. Қазіргі таңда мұндай өнімдерді жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, дәмі, ыңғайлылығы мен қолайлылығын бағалайтын адамдар тұтынады.

Зерттеу Ресейдің 100 мыңнан астам халқы бар қалаларында 1 мың адам арасында жүргізілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары