Перизат Қайраттың ісінде украиналық әншінің аты аталды

/
Перизат Қайраттың ісінде украиналық әншінің аты аталды
коллаж :turkystan.kz

Перизат Қайрат ісі бойынша өтіп жатқан сот процесі кезінде прокурорлар әйгілі украин әншісі Иван Дорнның есімі аталған құжатты жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Сотта айтылған мәліметке сәйкес, Иван Дорнның Астанада өнер көрсетуі үшін оған 9 мың еуро (шамамен 5,5 миллион теңге) төленген. Алайда бұл концерт ешқашан өткен жоқ.

«Тінту барысында жүзеге аспай қалған фестивальдерге дайындыққа қатысты құжаттар тәркіленді. Мысалы, Астанадағы гольф-клубта өтуі тиіс фестиваль аясында Иван Дорнның өнер көрсетуіне 9 мың еуро төлеу жөнінде инвойс (тауар немесе қызмет үшін төлем құжаты – ред.) табылған», – деді прокурор Мадина Оразалина сотта.

Әншінің қаламақысы төленгенімен, ол сахнаға шықпаған. Бастапқыда прокурор 9 миллион еуро деп көрсеткенімен, айыпталушы Перизат Қайрат оны түзетіп, нақты сома – 9 мың еуро екенін растады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары