Жаз тек демалыс мезгілі емес, күйзеліс уақыты болуы мүмкін

/
Жаз тек демалыс мезгілі емес, күйзеліс уақыты болуы мүмкін
сурет: istockphoto.com

Жаз серуен мен саяхаттың, қызық пен қуаныштың маусымы ғана емес. Кейбір адамдар үшін бұл мезгіл көңіл-күйдің күрт төмендеп, мазасыздықтың артуына да себеп болады. Бұл туралы Financial Times басылымында Джемайма Келли өз пікірін жазды.

Автор жазғы күн тоқырауын (жылдың ең ұзақ күні – 21 маусым) астрономиялық тұрғыдан жаздың басы саналғанымен, көптеген адамдар дәл осы сәттен кейін күндердің қысқара бастайтынын біліп, уақыттың тым тез өтіп жатқанына алаңдайтынын айтады.

«Күннің жылдам сырғып өтіп жатқанын сезіну кейде уайым мен мұңға жетелейді», – дейді Келли.

Мамандар мұны маусымдық аффективті бұзылыс (SAD) деп атайды. Көпшілік бұл құбылыс тек күзгі-қысқы қараңғы кезеңде көрініс береді деп ойлайды. Алайда сарапшылардың айтуынша, күн жарығы мол жаз мезгілінің өзінде де кей адамдар депрессия белгілерін сезінеді.

Financial Times материалында жазғы SAD симптомдары, оның себептері және күресу жолдары туралы кеңірек баяндалған. Автор бұл жағдайды жеңіл қабылдамай, эмоциялық жай-күйге мән беруге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары