Атырауда 9 жастағы баланың үстіне мотоцикл құлап, ауруханаға жеткізілді

/
Атырауда 9 жастағы баланың үстіне мотоцикл құлап, ауруханаға жеткізілді
istockphoto.com

Атыраудағы Исатай-Махамбет алаңында 9 жастағы баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

ПД мәліметінше, оқиға 13 шілде күні түнгі сағат 01:17 шамасында болған.

2016 жылы туған жасөспірім дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы туралы нақты мәлімет берілген жоқ.

"Электрлі мотоциклдің иесі – 1985 жылы туған ер адам. Оқиға орнында жүргізілген медициналық сараптама оның қоғамдық орында мас күйде болғанын анықтады. Нәтижесінде оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды", - делінген полиция хабарламасында.

Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары