Адамның көз жасы агрессияны 40 пайызға төмендетеді – зерттеу

/
Адамның көз жасы агрессияны 40 пайызға төмендетеді – зерттеу
istockphoto.com

Израильдегі Вейцман ғылым институты мен АҚШ-тағы Дьюк университетінің ғалымдары әйелдердің көз жасы ер адамдардың агрессиясын 40%-ға төмендететінін дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері PLOS Biology журналында жарияланды.

Зерттеу барысында ерлерге әйелдердің көз жасын немесе тұзды ерітіндіні иіскетіп, агрессия тудыратын ойын ойнауға мүмкіндік берілді. Көз жасын иіскеген ерлердің кек алу әрекеті 40%-ға азайды. МРТ нәтижесі олардың миындағы агрессияға жауапты аймақтардың белсенділігі төмендегенін көрсетті. Бұл адамның көз жасында да агрессияны басатын иіссіз химиялық сигнал бар екенін дәлелдейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары