Жапонияда ерекше қызмет түрі пайда болды – әжелер жалға беріледі. OK Obaachan деп аталатын бұл қызмет арқылы кез келген адам каталогтан өзіне ұнайтын 60 пен 94 жас аралығындағы әжені таңдап, онымен уақыт өткізе алады, деп хабарлайды turkystan.kz scmp-қа сілтеме жасап.
Қызмет құны – сағатына 3 300 иен. Қазір жүйеде 100-ден астам әже тіркелген. Олар не істейді? Мысалы:
– үйретіп тамақ пісіріп береді
– сізді тыңдап, кеңес айтады
– бірге серуендейді
– тіпті клиенттің атынан қарым-қатынасты үзу секілді күрделі әлеуметтік тапсырмаларды да орындайды
Кей апалар балабақшада жұмыс істеуге көмектессе, кейбірі отбасылық жанжалдарды шешуге, зерттеулер жүргізіп жүрген студенттерге қоғамдағы өзгерістер туралы пікір білдіруге қол ұшын беріп жүр. Мұндай қызмет тек клиенттерге ғана емес, жасы келген әйелдерге де табыс көзіне айналған.