Қараңғыда көруге, алысты жақындатуға мүмкіндік беретін ақылды линзалар шығарылмақ

/
Қараңғыда көруге, алысты жақындатуға мүмкіндік беретін ақылды линзалар шығарылмақ
сурет: istockphoto.com

Линзалар енді тек көру үшін қолданылмайды. Бірнеше жылдан кейін олар түнде көру, zoom-функция, денсаулық көрсеткіштерін бақылау және кеңейтілген шындық (AR) интерфейсін қамтитын толыққанды гаджетке айналуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz bloomberg.com-ға сілтеме жасап.

Дәл осындай мақсатта жұмыс істеп жатқан – Xpanceo стартапы. Компания таяуда $250 млн инвестиция тартып, $1,35 млрд деңгейінде бағаланды. Стартаптың негізін қалаушылардың бірі – Ресейден шыққан кәсіпкер. Команда қазірдің өзінде алғашқы жұмыс істейтін прототиптерді ұсынды және өнімді 2027 жылы нарыққа шығаратынын мәлімдеді.

Xpanceo жасағысы келетін құрылғы – бір ғана контакт линза. Бірақ оның функциялары көзілдірікті де, смартфонды да, смарт-сағатты да алмастыра алады. Яғни бұл линзада:

  • түнгі көру мүмкіндігі,
  • 10 есе жақындататын zoom,
  • жүрек соғысы, қандағы қант және басқа да биометрикалық көрсеткіштер,
  • AR-интерфейс арқылы хабарламалар мен навигацияны көру секілді функциялар қамтылады.

Стартаптың айтуынша, құрылғы нейроинтерфейспен де жұмыс істей алады – яғни линза сіз неге назар аударғаныңызды түсінеді және қажетті ақпаратты дәл сол сәтте көрсетеді.

Xpanceo бұл жобамен технологияны адам денесіне табиғи жолмен біріктіруді көздейді. Жобаға қызығушылық танытып отырған инвесторлар қатарында Таяу Шығыстағы ірі қорлар бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары