Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов ресми түрде «Елімай» клубына ауысты, деп хабарлады turkystan.kz.
Рамазан Оразов Данияның «Силькеборг» клубынан келісімшартсыз кетіп, Қазақстанға оралды. Енді ол Премьер-Лигадағы жарысын «Елімай» сапында жалғастырады.
Футболшы – «Қайрат» клубының тәрбиеленушісі. Бұған дейін ол Қазақстанда «Қайрат», «Ақтөбе», «Тобыл» және басқа да командалардың намысын қорғаған. Сонымен қатар, Рамазан Словенияда («Копер»), Ресейде («Чайка») және Данияда тәжірибе жинақтаған.
Қазақстан Премьер-лигасында Оразов 75 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Еске салсақ, бұған дейін «Елімай» шетелде өнер көрсеткен екі қазақстандық футболшымен келісімшартқа отырған еді. Олар — ресейлік «Волгарьда» ойнаған Ақмәл Бахтияров пен словакиялық «Кошице» клубының бұрынғы ойыншысы Ғалымжан Кенжебек.