Қостанай облысында АИТВ жұқтырған ер адам өгей қызын зорлаған

/
Қостанай облысында АИТВ жұқтырған ер адам өгей қызын зорлаған
istockphoto

Қостанай облысында АИТВ (ВИЧ) жұқтырған науқас 13 жастағы өгей қызын зорлаған, деп хабарлайды Alau.kz.

Оқиға аудандардың бірінде болған. Облыстық сот қылмыстың болғанын растап, сот процесінің жабық өткенін айтты.

"Ер адам өгей қызын зорлаған. Қыз 13 жаста. Оқиға анасы үйде болмаған кезде болған. Айыпталушы АИТВ-мен ауырған. Ал жәбірленушінің денсаулығы жақсы, оған вирус жұқпаған", - дейді ведомство.

Сот қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары