Елдос «калабок» атымен танымал қазақстандық блогер Елдос Кәдірханов сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
Ұзақ жылдар бойы сәби сүйе алмай келген блогер балалы болатын болды. Бұған дейін денсаулығына байланысты нәресте құша алмай келген жұпақ Ләйлә Сұлтанқызы бастаған дәрігерлер қол ұшын созған.
«Сүйінші қазақ елі! Аллаға шүкір! Жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз!», – деп жазды блогер әлеуметтік желіде.
Оның қуанышын елдің бәрі ортақтасып жатыр.
«Еріксіз жас келді! Аман есен дүниеге келіп, несібесін арттыра берсін», «Алланың қалауы, үлкендердің батасы, дәрігерлердің біліктілігі, көптің қолдауы», «Алла ұлық! Ешқашан үміт үзбеу керек. Құтты болсын!», «Бүкіл Қазақ елінің тілеуі! Баянды болсын! Жыладық», – деп жазды көпшілік.