Атырауда әйел адам Жайық өзеніне секіріп кетті

/
Атырауда әйел адам Жайық өзеніне секіріп кетті
Әлеуметтік желіден

Атырау қаласындағы Жилгородок көпірінен бір әйел адам Жайық өзеніне секіріп кетті, деп хабарлайды turkystan.Kz.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушыларға куәгерлер тарапынан хабарлама түскен.  Жағада жүрген екі азамат әйелдің көмек сұраған дауысын естіп, суға секіріп, оны құтқаруға ұмтылған. Олар оны су бетінде ұстап тұрған. 

«Осы сәтте кезекті рейдте жүрген Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел әрекет етіп, әйел адамды және көмекке ұмтылған екі азаматты жағаға алып шықты.  Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары