Тоқаев Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

/
Тоқаев Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары