«Арақты қалай қойдым?!»: Алмас Өтешов 6 айда ішімдіктен қалай құтылғанын айтты

/
«Арақты қалай қойдым?!»: Алмас Өтешов 6 айда ішімдіктен қалай құтылғанын айтты
instagram

Зілтемірші, Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Алмас Өтешов ішімдіктен қалай құтылғаны туралы айтып, 6 айда қалай өзгергенін көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұл суретті салмас бұрын біраз ойландым. Жариялаудың қажеті бар ма, жоқ па деген ойлар көп мазалады. Бірақ өзіме пайдасы болмаса да, қазақтың өзге жастарына ой саларлықтай дүние болсын деп желіге жүктедім. Өйткені, кей адамдар күйік пен қайғының шығар жолын «ащы сумен» шатастырып, тағдырын тәлкекке салып жатады. Ұғынған жанға, қиындықты жеңіп шығып құтылудың жалғыз ақиқат жолы – сабырың мен иманың ғана», - деп жазды ол.

Спортшы бәрі Құран атымен ішімдіктен бас тартуға уәде беруінен басталған.

«Арақты қалай қойдың?» деген сұраққа мен: Нұрсейіт Жылқышыбай бауырымның «Уақыт көрсетеді» ютуб каналындағы бағдарламасына сұхбат бергенімде, осы күннен бастап ащы суға жоламаймын деп халық алдында қасиетті Құранның атымен ант етіп, уәде еткенімнен бастау алды» деп жауап берер едім. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап»,- деп Абай атамыз айтқандай, мені де осы азапты жолдан құтқарған ақыл мен қайраттың үстемдігі», - деді А. Өтешов.

Сондай-ақ ол рухани және материалдық қолдау көрсеткен адамдарға алғыс білдірді.

«Ең алдымен тура жолға түсірген жаратушы Аллаға сансыз шүкірлік еттім. Және де туған жеріме шақыртып, қолдау білдірген аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы ағама, қызмет ұсынып жұмыспен қамтамасыз еткен облыстық спорт басқармасының басшысы Артаев Бахтияр ағама айрықша алғыс білдіремін. Оған қоса, рухани қолдау білдірген қазақтың атақты палуаны Тұрлыханов Дәулет көкеме, Мұстафаев Садық ағайыма, Каленов Бағдат ағама, Тәліпов Шалқарбек пен Қуатбек ағаларыма, Айтбаев Ғалым ағама, Тимофеевич Павел (дядя Паша-ға), Өмірбек Мұрат ағама, Сүлеймен Ғалым ағама, Үдербаева Рая апайыма, Байсариев Асқар мен Илья Ильин достарыма және де Қызылордаға келгендегі алғашқы жұмыс орным «Мұз айдыны» мекемесі ұжымы мен тілекші болған барша халқыма шынайы ризашылығымды білдіргім келеді», - деді спортшы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары