«Бір сағат бойы белдікпен ұрды»: Танымал қазақстандық рэпердің әйелі араша сұрады

/
«Бір сағат бойы белдікпен ұрды»: Танымал қазақстандық рэпердің әйелі араша сұрады
скриншот

Qurt лақап атымен белгілі рэпер Дамир Қойшыбаевтың әйелі Аружан Қойшыбаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның мәлімдеуінше, ол 27 маусым күні таңертең бір сағат бойы белдікпен ұрған. 

"Оқиға таңғы сағат 10 шамасында болды. Ол мені белбеумен шамамен бір сағат бойы ұрды. Белбеу жыртылып кеткен соң, басқа белбеумен ұруын жалғастырды. Мен қатты айқайлай бастадым, өйткені пәтерден қаша алмадым. «Көмектесіңіздер, мені өлтіріп жатыр!» деген айқайымды естіген көршілер сыртқа шығып, мені құтқарып қалды.

Мен бұл жағдайды көпшілікке жариялауға қорықтым, себебі оны шын жүректен жақсы көрдім. Бірақ оның болған жағдайға еш өкінбейтіні анық. Медициналық сараптамадан өттім, ертең ресми арыз жазылады.

Ол достарымен келіп, мені видеоға түсіріп, еш шағымым жоқ деп айтуға мәжбүрледі. Кейбір достары маған қоқан-лоққы көрсетіп жатыр.

Мен не істерімді білмеймін", - дейді А. Қойшыбаева. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары