ҚазҰУ-да шығыстану факультетінің түлектеріне диплом табысталды

/
ҚазҰУ-да шығыстану факультетінің түлектеріне диплом табысталды
ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

FARABI HUB инновациялық даму орталығында ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Маңызды күнді атап өту үшін салтанатты іс-шараға түлектер мен оқытушылар, студенттер және олардың ата-аналары жиналды. 

Салтанатты рәсім шығыстану факультетін таныстырумен басталды. Университетті бітірген түлектерді тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректордың м.а. Жұлдыз Есімова құттықтап, магистранттарға дипломдарын табыс етті. Салтанатты рәсімде музыкалық шығармалар орындалып, жиын шаттық пен мерекеге ұласты.

Іс-шарада шығыстану факультетінің деканы, тарих ғылымының кандидаты Наталья Ем түлектерге жылы лебізін арнады. Оның айтуынша, биыл факультетте бакалавр деңгейін 109 адам бітірген, оның 69-ы  қызыл диплом иегерлері. Одан бөлек, магистратураны 21 адам тамамдаған. «Әр диплом – тек құжат емес, бұл сіздің шешіміңіздің, еңбегіңіздің, өзіңізге деген сеніміңіздің дәлелі. Бұл – жаңа кәсіби жолдың бастауы. Сіздер шығыстану факультетінің түлектерісіз. Демек, сіздер ежелгі мәдениетті танып, басқа ұлттардың менталитеттерін игеріп, ойлау көкжиектеріңізді кеңейттіңіздер. Бүгінгі күн – жаңа кезеңнің бастауы. Сіздерді ғылымға, білімге, аудармаға, дипломатияға, бизнес пен мәдениетке апаратын жол күтіп тұр. Сіздер қай жерде болсаңыздар да, сіздің ақыл-ойыңыз, қадір-қасиетіңіз бен біліміңіз адамдар мен Отанның игілігі үшін қызмет етсін», – деді шығыстану факультетінің деканы.

Одан соң шығыстану факультетінің оқытушылары мен профессорлары түлектерді құттықтап, оларға диплом табыстады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары