Айбек Оралбай Әлем кубогі кезеңінің жартылай финалына өтті

/
Айбек Оралбай Әлем кубогі кезеңінің жартылай финалына өтті

Елордада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай жартылай финалға өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Айбек ширек финалда италиялық Диего Ленциге қарсы жекпе-жекке шықты. Үш раунд бойы сенімді өнер көрсеткен қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Осы нәтижеден кейін кем дегенде ел қоржынына кезекті қола медаль түсіп тұр деуге болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары