Футбол клубына қарғыс жазылған қағаздар үшін 4 000 доллар айыппұл салынды

/
Футбол клубына қарғыс жазылған қағаздар үшін 4 000 доллар айыппұл салынды

Қытайдың кәсіпқой футбол лигасы «Чанчунь Сиду» клубына қарсылас команданың киім ауыстыру бөлмесіне қарғыс жазылған жазбалар қойғаны үшін 30 мың юань (4,1 мың доллар) көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар клубқа бұл әрекеті үшін қатаң ескерту берілді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ойын алдында "Чанчунь Сиду" футбол клубының қызметкерлері қонақ команданың демалыс аймағына феодалдық дәуірге тән ырымшыл заттарды қойған, бұл жағдай теріс салдарға әкеп соқты», – делінген хабарламада.

28 маусымда «Чанчунь Сиду» өз алаңында «Шаньси Чундэ Жунхай» командасын қабылдады. Қонақтар киім ауыстыру бөлмесінде қарғыс жазуы бар сары қағаздарды тапты. Чанчунь командасы ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті.

«Чанчунь Сиду» екінші лигада ойнайды. 17 турдан кейін команда солтүстік дивизионда 33 ұпаймен екінші орында тұр. Олар көш бастап тұрған «Уси Угоу» командасынан бір ұпайға қалып келеді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары