Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 827,8 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2%-ға көп, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
"2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 661 мың тонна өнім өндірілген. Осылайша, биыл өндіріс көлемі 166,8 мың тоннаға артты", - деп жазылған хабарламада.
Өсімдік майының негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында өндіріледі.
Сонымен қатар қаңтар-тамыз айларында өсімдік майының экспорты 704,7 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,7%-ға артық.
Ал импорт көлемі керісінше 6,4%-ға азайып, 128,3 мың тоннаны құрады. Ішкі нарықта осы кезеңде 176,9 мың тонна өсімдік майы сатылды.