Майлы тағам мен фруктоза ақыл-ес саулығына әсер етеді – зерттеу

/
Майлы тағам мен фруктоза ақыл-ес саулығына әсер етеді – зерттеу
сурет: istockphoto.com

Қытай ғалымдары жүргізген жаңа зерттеу бауырдың саулығы мен психикалық жай-күйдің арасында маңызды байланысты көрсетті. Psychopharmacology журналында жарияланған мақалада майлы тағам мен фруктоза ақыл-ес саулығына әсер етеді деген қорытынды айтылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеуді Хунмэй Ду есімді автор және оның әріптестері жүргізген. Олар C57BL/6J тектес 26 еркек зертха тышқандарын үш топқа бөлді:

  1. Бақылау тобы, олар қалыпты тағаммен қоректенді.
  2. NAFLD тобы: аса майлы тағам және 12,5% фруктоза шәрбаты қосылған су ішті.
  3. Қорилагин тобы: аса майлы, фруктозалы диета + күн ара іш қуысына 2.5 мг/кг дозада қорилагин деген табиғи қосылыс егілді.

Зерттеу кезіндеекінші топтағы тышқандарда неврологиялық қабыну, глутамат деңгейінің жоғарылауы және мазасыздыққа ұқсас мінез-құлық (мысалы, ашық кеңістіктерден қашу, қимылсыз отыру) анықталған. Бұл белгілер олардың жүйке жүйесіне әсер еткенін білдіреді.

Зерттеу нәтижелері бауырдың денсаулығы психикалық саулыққа тікелей әсер ететінін көрсетеді. Әсіресе дұрыс тамақтанбау майға, қантқа бай тағамдар тек ішкі ағзаларды ғана емес, ми мен психиканы да зақымдауы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары