Ақмола облысында 5 адам сібір жарасын жұқтырған

/
Ақмола облысында 5 адам сібір жарасын жұқтырған
istockphoto.com

Ақмола облысының Атбасар ауданында сібір жарасымен жұқтыру жағдайлары анықталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта аурудың тері формасы тіркеліп отыр.

"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Атбасар ауданында сібір жарасының тері түрімен сырқаттану жағдайларының тіркелгенін растайды. Қазір бес ауыл тұрғыны Көкшетаудағы жұқпалы аурулар орталығына (ЦИЗ) жеткізілді", — делінген ресми хабарламада.

Оқиға орнына санитарлық авиация көлігімен облыстың бас инфекционисті барып, науқастарды қарап, диагнозды нақтылап, емдеу тактикасын түзетіп, оларды облыс орталығына жеткізген. Пациенттердің барлығында дене қызуы жоғары болған. Қазіргі таңда жағдайлары тұрақталған. Емнің нәтижесінде жаралардың жазылуы байқалып, оң динамика қалыптасуда.

Инфекция ошағында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, денсаулық сақтау органдары, ветеринарлық инспекция, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен кешенді эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тарапынан зертханалық зерттеулер ұйымдастырылып, эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тергеу жұмыстары басталды. Ошақ аумағында дезинфекция жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары