Бұрынғы судья Қарлығаш Таткееваға аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұған дейін экс-судьяға іздеу жарияланған еді. 2003 жылдан бастап Таткеева Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметін атқарған.
Оның қай жерде жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар болса Антикорға хабарлау сұралады.