Forbes өз күшімен көтерілген әлемдегі ең бай 50 әйелді анықтады

/
Forbes өз күшімен көтерілген әлемдегі ең бай 50 әйелді анықтады
сурет: istockphoto.com

Forbes алғаш рет әлемдегі өз кәсібімен байыған ең дәулетті 50 әйелдің жаһандық рейтингін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz Forbes-ке сілтеме жасап.

Жалпы бұл рейтингке 13 ел мен 4 құрлықтан 50 self-made миллиардер әйел кірген. Олардың жалпы байлығы – $276 миллиард. Орташа есеппен бір әйелдің байлығы – $5,5 миллиард. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда $158 миллиардқа көп.

Әйелдер кәсіпкерлігі – әлемді дамытаттын қозғаушы күш

Global Entrepreneurship Monitor (GEM) мәліметінше, қазіргі уақытта әлемде 658 миллион әйел кәсіпкер немесе компания иесі бар. Көрсеткіш ерлердікіне (772 млн) жақындап келе жатыр. Әйелдердің шамамен үштен екісі кәсіпкерліктің бастапқы сатысында, ал ерлерде бұл көрсеткіш жартысына да жетпейді.

GEM баяндамасының авторы Аманда Элам әйелдер кәсіпкерлігіне зор үміт артады:

«Әйелдердің бизнесі өмір сүруге қолайлы орта жасайды. Мұндай жерлерге ірі компаниялар өз өндірісін орналастыруға құштар. Осы себепті халықаралық даму саласында әйелдердің рөлі қайта бағаланып жатыр», – дейді ол.

Рейтингтегі көшбасшылар кімдер?

1-орын: Рафаэла Апонт-Диамант (Швейцария), теңіз тасымалы саласындағы MSC компаниясының иесі, байлығы – $38,8 миллиард. Ол алғашқы кемесін $200 000-ға кредитке сатып алып, бүгінде әлемдегі ең ірі кеме тасымалдаушы компанияға айналды.

2-орын: Диана Хендрикс (АҚШ), ABC Supply құрылыс материалдары дистрибьюторының негізін қалаушы, байлығы – $22,3 миллиард.

Тізімге Опра Уинфри, Шерил Сандберг, Мелани Перкинс (Canva), Ким Кардашьян, Тейлор Свифт сияқты танымал есімдер әлі кіре алған жоқ: олардың байлығы $2,1 миллиард шекті межеден төмен.

Азия-Тынық мұхит аймағы алда тұр

Рейтингке енген 50 әйелдің 24-і – Азия-Тынық мұхиты аймағынан, 20-сы – Солтүстік Америкадан, 6-уы – Еуропадан. Қытай (Гонконгпен бірге) 18 әйелмен көш бастап тұр.

Ең жиі кездесетін сала – технология

Бұл тізімдегі 14 әйел байлығын технология арқылы жиған. Мысалы, Чжоу Цюньфэй (Lens Technology) $10 миллиард байлықпен алда тұр. Ол Apple мен Tesla-ға сенсорлы экрандар шығаратын зауыт ашқан.

Әйелдер мен ерлер арасындағы байлық алшақтығы әлі де үлкен

Дегенмен, Forbes деректеріне қарағанда, әлемдегі ең бай 50 self-made ер адам $3,8 триллион иеленген, бұл әйелдердің байлығынан 14 есе көп. Жалпы алғанда, жер шарында 1 920 self-made миллиардер ер адам бар, ал әйелдер мұндай мәртебеге тек 106 рет жете алған.

Соған қарамастан, оптимизмге негіз бар. Self-made әйелдер бүгінде әлемдегі барлық миллиардің 3,5%-ы. Бұл – 2017 жылмен салыстырғанда 50%-ға көп көрсеткіш.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары