Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты

/
Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты
istockphoto.com

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жұмысшының қазасына қатысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаған. Оқиға орнында алғашқы тергеу амалдары жүргізіліп, қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алматы қаласының әуежайындағы Көліктегі полиция басқармасы еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары