Құрылтай Асан Қайроллаұлы Ескендіровті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы лауазымына сайлау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кандидатура бүгін, 11 қарашада Құрылтайдың пленарлық отырысында қаралды. Мемлекет басшысының депутаттарға жолдаған ұсынысын Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов таныстырды.
«Асан Қайроллаұлының еңбек өтілі мол. Ол отыз жылдан астам уақыт бойы сот жүйесінің барлық сатысында қызмет атқарды. Судьялық жолын аудандық соттың судьясы қызметінен бастаған. Кейін Ақмола және Павлодар облыстарының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарын басқарды. Облыстық соттың судьясы болып жұмыс істеп, Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына жетекшілік етті», – деді ол.
2016-2022 жылдары Жоғарғы Соттың судьясы қызметін атқарды. Қазақстанның Конституциялық соты құрылғаннан кейін Ескендіров шамамен төрт жыл бойы осы органның құрамында жұмыс істеді.
Соңғы төрт жылда, яғни Конституциялық сот жаңартылған форматта құрылғаннан бері, осы органның судьясы болған.